1 ақпаннан бастап Алматыда кинотеатрлардың жұмысына тыйым салынады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулыда мәдени нысандардың, оның ішінде, театрлар мен кинотеатрлардың қызметіне тыйым салу, сондай-ақ ойын-сауық мекемелерінің, яғни жабық мекемедегі балалар ойын алаңдары мен аттракциондардың, батут және басқалардың қызметіне тыйым салу туралы айтылған.

Сондай-ақ, көрмелер, форумдар, конференциялар ұйымдастыруға болмайды.

Отбасылық іс-шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтой, еске алу шаралары) өткізуге тыйым салынды.

Сонымен қатар, өңіраралық және қалалық емес (туристік) тасымалдау қызметіне тыйым салынады.

Алматыда демалыс күндері сауда орталықтары жұмыс істемейді.

Қаулы 1 ақпанда күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар