1,7 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен елордада филармонияның бұрынғы екі қызметкері қамауға алынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1,7 млрд теңгелік бюджет қаражатын талан-таражға салды деген күдікпен Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының бұрынғы екі қызметкері қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша елорда әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы қызметкерлеріне қатысты тергеу жүріп жатыр. Анықталғанындай, филармонияның бұрынғы қызметкерлері 2013-2019 жылдар аралығында 1,7 млрд теңгелік бюджет қаражатын негізсіз жұмсаған», - деп хабарлайды қалалық Экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметінен.

Іске байланысты екі күдікті уақытша оқшаулағышқа қамалған. ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (ірі мөлшердегі сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар