Зиянды шығарындыны 24 есе қысқартатын қазақстандық жоба шетелдіктерді қызықтыруда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпорындардағы зиянды заттар шығарындыларын төмендететін қазақстандық әзірлеме шетелдіктердің назарын аударды. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі технологиясы ғылыми-зерттеу институтының директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Алтай Әлімғазин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дәстүрлі емес энергия көздерін пайдаланатын сорғы техологиялар бүкіл әлемде өзекті проблемалардың бірі болып отыр. Яғни, бұл парникті газ шығарындыларымен байланысты. Оның мысалдары өте көп. Мәселен, Қазақстанда 37 жылу электр стансасы, бірнеше ірі су электр стансасы, үш мұнай өңдеу зауыты, металлургия зауыттары жұмыс істейді. Оларда жылу бөлумен байланысы бар айналымды сумен жабдықтау жүйесі бар. Мысалы, біз Астана қаласының жылу электр стансасынан жыл бойы шығып тұратын ақ буды көреміз. Бұл ауаны ластау. Біз өзіміз әзірлеген жүйе арқылы аталған шығарындыларды қысқартуды ұсынамыз. Бұл өте перспективалы бағыт», - деді ғалым.

Оның айтуынша, бұл технологияны пайдаланған кәсіпорындар шығарындыларды 24 есе қысқарта алады.

«Бұл технологияға патент алдық. Қазір нарықтық бағасы барынша төмен болып тұр. Келешекте Павлодар қаласында жобаны құрастыру өндірісін бастауды жоспарлаудамыз. ЭКСПО қорытындысында бізге бірнеше компания хабарласты. Соңғы хабарасқаны криптовалюта өндірісімен айналысатын фирманың ресейлік және америкалық өкілдігі болды», - деді Әлімғазин.

Соңғы жаңалықтар