Зимбабве президенті 93 жылдығын тойлауға екі миллион еуро жаратты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Зимбабве президенті Роберт Мугабе өзінің 93 жылдығын тойлауға арналған салтанатқа қатысты. Бұл шара  елдің үлкендігі жағынан екінші қаласы - Булавайодан 40 шақырым жерде  орналасқан ұлттық Матобо саябағында болды, деп хабарлайды Cameroon Concord.

Басылымның жазуынша, мерекелік кешті өткізуге екі миллионға жуық еуро жұмсалған.

Салтанатты шараға  билік басындағы Зимбаба африкалық ұлттық одағының бірнеше мың мүшесі қатысты. Меймандар  Зимбабве бейнесіндегі 93 келілік торттан дәм татқан. Тойлау ел астанасы Матопос қаласынан қашық жерде  ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар