Зидан қызметінен кететін болса орнына кім келуі мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мадридтік «Реал» команданың бас бапкері Зинедин Зидан қызметінен кететін болса, оның орнына Германия құрамасының бапкері Йоахим Левті шақырмақшы. Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.

Мадридтік команданың басшылары ұжымның қазіргі нашар көрсеткіштеріне алаңдап отыр. Бірақ клубтың президенті Флорентино Перес франциялық бапкерге сенеді. Дегенмен де президент қазірдің өзінде Зиданның орнын басатын маманды тауып қойыпты. Перес Левпен келіссөздер жүргізіпті. Келіссөздің қорытындысы бойынша, неміс маманы келісімін берген екен.

Зидан «Реалдың» тізгінін 2016 жылдың қаңтар айында ұстады. Содан бері ол ұжыммен Испания суперкубогы, клубтар арасындағы әлем чемпионаты, екі рет Чемпиондар лигасы, УЕФА суперкубогын жеңіп алды.

Ал 2017-2018 жылғы маусымда «Реал» Испания біріншілігінде оныншы орында келеді. Корольдік клуб қазір «Барселонадан» 10 ұпай қалып тұр. 

Лев болса 2006 жылдан бері Германия құрамасының бас бапкері қызметін атқарып келеді. Оның бастамасымен Германия құрамасы 2014 жылы әлем чемпионатын жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар