Жылқымен соқтығысқан мотоциклші комада жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусьтің Солигорск ауданында мотоцикль мінген жігіт жылқымен соқтығысты, деп хабарлайды БЕЛТА.

Елеңсіз оқиға 16 қазан күні Хоростово елді мекенінде болған. «ИЖ-Планета-5» мотоциклімен келе жатқан жас жігіт кенеттен жолға шыққан жылқыны соғып, ауыр жарақат алған. Қазір ол аурухананың жансақтау бөлімінде комада жатыр.

Анықталғанындай, оның көлік құралын басқару құқығын беретін куәлігі болмаған, ал мотоциклді арнайы бас киімсіз жүргізген.

Соңғы жаңалықтар