Жылқы жылы болғаннан кейін бе, топты көрсем жарғым келіп тұрады - Димаш Құдайберген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген «ЭКСПО-2017» көрмесінің аумағындағы амфитеатр сахнасында «Ақтөбе - құтты мекен» гала-концертінде өнер көрсетті. Кеште халықаралық «I am a Singer» байқауының жеңімпазы екі композиция орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

null
ҚазАқпарат таратқан видеодан аталған концертке Димаштың қытайлық тыңдармандарының да көптеп қатысқандығын байқауға болады. Олар қытай тіліндегі плакаттарды көтеріп, өздерінің әншіге деген құрметін білдірді. Қазақстандық әнші өзінің қытайлық тыңдармандарына ағылшын тілінде алғыс айтты.

Айта кетейік, қытайлық бір топ жанкүйер Димаш Құдайбергеннің жеке концертін тамашалау үшін Астанаға ұшып келгендігі туралы хабарлаған болатынмыз.
null 

Көрермендердің ыстық ықыласына бөленген Димаш бірінші әнін орындағаннан кейін тыңдармандарына зор ілтипат білдіріп, жүрекжарды сөзін айтты.
null 

«Өзіме сахнадағы мәдениетіме кішкене ерік беріп жатқаныма айып етпеңіздер. Қазақта "Жылқы жылы болғаннан кейін бе, топты көрсем жарғым келіп тұрады" дейтін жақсы сөз бар. Сіздердің ықыластарыңызды, дауыстарыңызды асыға күттім, ағайын», -  деді әнші концерт барысында.
null 

Сондай-ақ Димаш Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа да арнайы алғыс білдірді.
null 

«Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» деген. Менің ғана емес көптеген өнер майталмандарының емін-еркін самғауына үлкен септігін тигізіп жүрген Бердібек аға, сізге, алғыс айтамын», - деді Димаш.
null null 

Еске  салайық, Димаштың «Бастау»  атты концерті ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында 27 маусым күні елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Димаш Құдайберген концертке қатысатын әншілерді көпшілікке жариялаған болатын. Олар - Қытайдың белгілі әншісі Терри Лин, Евровидения-2012 байқауының жеңімпазы Лорин (Швеция), Ұлыбритания әншісі Софи Элис Бекстор, Кристина Орбакайте (Ресей) және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, опера әншісі Майра Мұхамедқызы.

Соңғы жаңалықтар