Жыл қорытындысы бойынша республикалық бюджет кірістері асыра орындалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы 8 айда мемлекеттік бюджетке (трансферттерсіз) бюджетке 4 трлн 512 млрд теңге кіріс қамтамасыз етілді.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Ұлттық экономика министрі баяндаған салалар дамуының оң нәтижелері мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылуында елеулі көрініс тапты. Ағымдағы жоспарды орындау жағынан да, сол сияқты өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғандағы өсу қарқыны жағынан да оң серпін байқалды. Мәселен, мемлекеттік бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) өткен жылмен салыстырғанда 367 млрд теңгеге немесе 108,9 пайызға ұлғайды. Оның ішінде 105,9 пайыз өсу қарқынымен 172,2 млрд теңгесі республикалық бюджет бойынша, ал 195,2 млрд теңге немесе 115,8 пайыз жергілікті бюджеттер бойынша»,-деді министр ағымдағы жылдың 8 айындағы бюджеттің атқарылуы бойынша баяндамасында.

Оның сөзіне қарағанда, биылдың 8 айында шығыстардың жылдық көлемінен мемлекеттік бюджет бойынша 69 пайызы игерілді. Бұл өткен жылдың осыған сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 пайыздық тармаққа жоғары.

Белгілі болғандай, қаңтар-тамызда мемлекеттік бюджетке (трансферттерсіз) бюджетке 4 трлн 512 млрд теңге кіріс қамтамасыз етіліп, асыра орындау 194,5 млрд теңгені құрады немесе есепті кезеңдегі жоспарға 104,5 пайызды қамтыды. Республикалық бюджет бойынша ағымдағы жоспар 102,2 пайызға орындалып, 3 трлн 83 млрд теңге жиналды. Асыра орындау 67,4 млрд теңгені құрады.

«Жалпы, барлық түсімдер тұрғысында өткен жылмен салыстырғанда елеулі өсім байқалуда. Өсімнің ағымдағы қарқыны базасында қазіргі экономикалық ахуал сақталған жағдайда 2017 жылдың қорытындысы бойынша республикалық бюджет кірістерінің асыра орындалуы 115 млрд теңге сомасында болжанып отыр»,-деді Бақыт Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар