Жыл басынан бері Қазақстанға жүз мыңнан астам кибершабуыл жасалды - министрлік

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанға 2017 жылдың басынан бері жүзден астам кибершабуыл жасалған. Бұл туралы журналистерге ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаев ҚР Парламенті Сенатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалпы қазіргі уақытта көптеген кибершабуылдар жасалып жатыр. Күн сайын құқық қорғау органдарымен бірге мыңдаған кибершабуылдарды анықтаймыз. Бүгінде ақпараттық технологиялар саласындағы IT-сектор ерекше болып отыр. 2017 жылдың басынан бері жүзден астам кибершабуылға тап болдық», - деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаев ҚР Парламенті Сенатының әлеуметтік мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында.

Отырыс барысында «Ақпарат және коммуникациялар бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы талқыланды.

Еске сала кетсек, заң жобасының негізгі бағыты БАҚ-тың дамуына сапалы заңнамалық негіз қалыптастыру болатын. Атап айтқанда, әкімшілік жүктемені төмендету мен санкциялармен қамтамасыз етуді жүйелеу мақсатында болмашы құқықбұзушылықтар үшін тиражды тәркілеу мен БАҚ қызметін уақытша тоқтату жазаларын алып тастау жоспарлануда. БАҚ-ты жалған ақпарат тарату жауапкершілігінен босату негіздемелерінің тізімі кеңейтіледі. БАҚ үшін азамат келісімі қажет етілмейтін жағдайлар анықталды - мәселен жаппай мәдени, спорттық-бұқаралық және өзге де қоғамдық жиындарда азаматтың фотосуретін жариялауда және т.б.

Қазақстандық контентті әрі қарай дамыту аясында мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы қоғамдық көрсетілімдерде тек қана отандық телеарналарды көрсету жоспарлануда. Заң жобасында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын табысты жүзеге асыруға және мемлекеттік ақпараттық жүйелерді жобалау, құру және талдау процестерін жетілдіруге бағытталған нормалар ұсынылды.

Одан бөлек, ұялы байланыс операторларына радиожиілік спектрлерін бірлесіп қолдану құқығын беру арқылы байланыс қызметінің сапасын арттыру да көзделіп отыр. Талқылаудан кейін комитет заң жобасын палатаның пленарлық отырысына енгізу туралы шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар