Жыл басынан бері 3 мыңнан астам жемқор ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың басынан 3 мыңнан астам жемқор ұсталды. Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы қызметінің ағымдағы жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысына арналған брифингте ведомствоға қарасты департамент басшысының орынбасары Талғат Серікбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл басынан бері біз 3 мыңнан астам жемқорлық фактілерін анықтадық. Олардың басым бөлігі пара алумен, ұрлаумен және лауазымды тұлғалар тарапынан қызметтерін асыра пайдаланумен байланысты болып отыр. Жемқорлыққа ішкі істер органдарының қызметкерлері, әкімдіктердің, сонымен қатар мемлекеттік кірістер органдарының  лауазымды қызметкерлері бейім.   Бүгінгі күні қылмыстық істердің жартысынан көбі сотқа жіберілді», - деді ол.

Оның айтуынша, Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы әрбір істі бүге-шігесіне дейін тыңғылықты тергейді.  Соның нәтижесінде тергеу органдарымен ымыраға келіп, жасаған қылмыстарын мойындаушылардың қатары мол.

«Жемқорлық әрекетке барғаны үшін 947 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Олардың қатарында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Бишімбаев, Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Нұрабаев, оның орынбасары Құрбанов, «Байтерек девелопмент» АҚ төрағасы Жақсыбаев, оның орынбасары Жақыпов,  Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің бұрынғы төрағасы Пак, «СК Фармация» төрағасы Касаткин  және басқа да тұлғалар бар», - деді Серікбаев. 

Соңғы жаңалықтар