Журналистер арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы турнир өтіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Спорт» күніне орай ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турнирге еліміздің БАҚ саласында қызмет етіп жүрген тілшілер қауымынан құралған жалпы 22 команда қатысуда.
null

Естеріңізге сала кетейік, қазақ спорт журналистикасының көрнекті өкілі Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған шағын футбол турнирі жыл сайын журналистер арасында өтеді. Биыл осымен 20-шы рет ұйымдастырылып отыр.

Сондай-ақ турнир аясында жыл сайынғы  Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың жеңімпаздарына сыйлықтар табысталады. Биыл жүлдені Алматы облыстық «Жетісу» газетінің спорт тілшісі Ришад Тұрғанбаев пен «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі Ғабит Сапарбек жеңіп алған болатын.

Айта кетейік, Сейдахмет Бердіқұлов 1933 жылдың 9 мамырында Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Қарақастек қыстағында дүниеге келген. Қазақстандағы спорт жұлдыздарының табыстарын насихаттауға еңбек сіңірген. 1956 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. 1965 - 1970 жылдары «Қазақстан пионері» басылымының редакторы. 1970 - 1986 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің редакторы, 1986 - 1994 жылдары «Жалын», «Балауса» баспаларының директоры болған. «Сол орамал жоғалмайды» (1965), «Жүрек ұйықтауды білмейді» (1967), «Егеулі найза» (1969), «Жұмыр жерде теңбіл доп» (1969), «Аспаннан шұға жауған күн» (1975), «Мұңайып оянған қала» (1979), «№3 подъезд» (1980), «Пердесіз көңіл» (1983), «Арбаған мәні бір сиқыр» (1987) сынды шығармалардың авторы.
null 

Соңғы жаңалықтар