«Жұмыспен қамту» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 10 мыңнан астам азамат шағын несие алды

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру мен тірек ауылдарын кешенді түрде дамытуды қарастыратын (әрі қарай - «»ЖҚЖК 2020) екінші бағытын жүзеге асыру аясында 10 мың 99 адам шағын несие алды. Оның ішінде 421 адам несиені қайтарылған қаражат есебінен рәсімдеді. Бұл туралы ҚР ДСӘДМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Шағын несие алған адамдардың 56% немесе 5 мың 677-сі өз ісін ашып, кәсіпкер атанса, қалған  44% немесе 4 мың 422 адам қолданыстағы бизнесінің аясын кеңейтті. Ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беріп, оған 8 мың 821 адам қосымша жұмысқа орналастырылды.

Сонымен бірге, бағдарламаның екінші бағытының аясында 3 мың 743 адам кәсіпкерліктің негіздері бойынша оқуларын аяқтады. 

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы «»ЖҚЖК 2020» бағдарламасының аталған бағытын жүзеге асыру мақсатында 31 млрд. теңге бөлінді. 

Соңғы жаңалықтар