«Жұмыспен қамту» бағдарламасы шеңберінде 5673 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  2016 жылы «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасының жұмыспен қамтуды инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытының аясында 5673 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Аталған жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 40 мың 927 адам жұмысқа орналасты. Оның ішінде 22 мың 213-і - бағдарламаға қатысушылар.

 «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы бірінші бағытының аясында Қазақстанда тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, абаттандыру, инженерлік-көлік инфрақұрылымы салаларына жататын нысандар салынып, жөндеуден өткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінді.

Соңғы жаңалықтар