11:51, 27 Наурыз 2017 | GMT +6
Жүкембаев пен Құсайыновтың кезекті айқастары өтетін күн белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Батыр Жүкембаев (8-0, 7 КО) пен Абылайхан Құсайыновтың (5-0, 4 КО) кезекті айқастары өтетін күн белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Отандастарымыз өздерінің келесі жекпе-жектерін 6 сәуір күні Канаданың Квебек қаласында өткізбек. Жарысқа шығатын күндері жақындап қалса да, әзірге қарсыластарының есімдері белгісіз.
Бұл күні Батыр Жүкембаев 10 раундтық жекпе-жекте өнер көрсетсе, Абылайхан Құсайынов 6 раундтық кездесу өткізеді.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қос боксшымыз 28 қаңтар күні жекпе-жек өткізіп, екеуі де қарсыластарын техникалық нокаутпен ұтқан болатын .