Жөндеуді қажет ететін жолдарды компьютерлік бағдарлама анықтайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрлігі автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаевтың айтуынша, Қазақстанда жолдардың сапасына жауап беретін ұлттық орталық құрылады. Оған барлық облыстық жол зертxаналары кіретін болады. Осылайша, жұмыстың санына емес, сапасына баса назар аударылады. Бұл - Дүниежүзі банкінің талабы, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Ол орталық қалай жұмыс істейді? Мәселен, бүгінде қай жолдарды жөндейтінімізді күзгі тексерістерге сүйеніп анықтасақ, ендігі кезекте оны арнайы бағдарлама анықтайтын болады. Ол бағдарламаға жолдарға қатысты соңғы он жылдың барлық мәліметтері енгізіледі. Соның негізінде жөндеу жұмыстарын қажет ететін жолдар анықталады. Осыған байланысты барлық шараларды жылдың аяғына дейін аяқтау қажет. Сөйтіп, келесі жылдан бастап ұлттық орталық өз қызметіне кірісуі тиіс", - дейді Пішембаев.

Айта кетейік, бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында комитет басшысы тағы 11 жолда құрылыс жұмыстарының басталатынын мәлімдеді.  Оның айтуынша, үш жылдан кейін ақылы жолдардан 30 млрд. теңге жиналады.  

Соңғы жаңалықтар