Жолдау Жаңа Қазақстанды құруда аянбай еңбек етуге шақырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ширек ғасыр ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын қорытындылап, жаңа жасампаз белеске Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдаумен қадам бастық.

Нәтижесінде, 15 жыл ішінде ұлттық экономиканың көлемі 1997 жылғы 1,7 триллион теңгеден 2011 жылы 28 триллион теңгеге өсті. 1999 жылдан бастап Қазақстанның ІЖӨ-нің жыл сайынғы өсуі 7,6%-ды құрап, алдыңғы қатарлы елдерді басып озды. Жан басына шаққанда ІЖӨ 1998 жылғы 1500 доллардан 2012 жылы 12 мың долларға жетіп, 7 еседен астам өсті. Біз сыртқы сауданың - 12 есе өсуіне, ал өнеркәсіп өнімін өндіру көлемінің 20 есе өсуіне қол жеткіздік. Осы жылдар ішінде мұнай өндіру - 3 есе, табиғи газ өндіру 5 есе ұлғайды. Біз шикізат ресурстарынан түскен кірісті Ұлттық қорға жібердік.

Сонымен қатар республикада «үдемелі индустрияландыру бағдарламасы аясында 2010 жылдан бастап жалпы құны 1 797 млрд теңге болатын 397 инвестициялық жоба іске асырылды, 44 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Орташа айлық жалақы 9,3 есе өсті. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 10 есе ұлғайды. Халықтың нақтылы ақшалай кірістері 16 есе өсті.

1993 жылы біз «Болашақ» атты біре­гей бағдарлама қабылдадық, соның арқасында 8 мың талантты жас әлемнің таңдаулы университеттерінде озық білім алды. Астанада халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін заманауи ғылыми-зерттеу университеті құрылды. Электронды үкімет азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылын едәуір жеңілдетті. Біз мемлекеттік басқаруда өзіндік тұрғыда төңкеріс жасауға қол жеткіздік, оны халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға қайта бағдарладық».

Осылайша 2030 стратегиясында белгіленген негізгі міндеттер орындалды, қалғандары орындалу үстінде. Сондықтан Елбасы Жолдауында негізделген еліміз дамуының жаңа стратегиясы «Қазақстан - 2030-дың» үйлесімді жалғасы болып табылады. «Қазақстан-2050» стратегиясы - бұл тым құбылмалы тарихи жағдайдағы жаңа Қазақстан үшін жаңа саяси бағыт. Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс.

Осынау өршіл мақсат-міндеттерді іс жүзіне асыру қай салада болсын қарбалас жұмыстарды талап ететіні даусыз. Оның ішінде білім беру саласының алдында тұрған міндет аса жауапты екені даусыз. Өз дамуының құбылмалы әлемдегі жаңа кезеңіне қадам басқан еліміздің қатаң бәсекелестікте жаһандық экономикалық тайталасқа дайын болуы - осы міндеттер­ді іске асыратын мамандардың білік­тілігіне байланысты.

Сондықтан Қазақстан дамуының жаңа стратегиясы жоғары мектептің алдына қоятын міндет аса жауапты: «Кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Көп жағынан бұл халықты еңбекпен қамту мәселесін шешіп береді».

Елбасы білім беру саласында халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту міндетін алға қойды. Осы орайда инженерлік білім беру жүйесін дамыту аясында біздің университет базасында «Қазақстан жоғары техникалық оқу орындарының республикалық ассоциациясын» құру бағытындағы жұмыстар қолға алынбақшы.

Сонымен қатар халықаралық үлгідегі куәліктер берудегі әлемдік тәжірибені зерттеу және ұсыныстар әзірлеу жөнінде жұмыс тобы құрылады. Кешен аясында қолданбалы және академиялық ғылым мен бизнес қауымдастық бірлескен зерттеулер жүргізеді, техника мен технологияның басым бағыттары бойынша тәжірибелік үлгілер жасалады. Мұнай-газ, тау-кен-металлургия, машина жасау салаларында жоғары технологиялы өндірісті құру жөніндегі сызба және технологиялық жұмыстарды атқаруға тиіс ғылыми-шығармашылық ұжымдар құрылады.

Сондықтан да Елбасының биылғы Жолдауынан бастау алатын міндеттерді орындау жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстанды құруда аянбай еңбек етуге шақырады. 

Соңғы жаңалықтар