Жолбарыстар ұшып жүрген дронды қағып түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай зообағында аса семіріп кеткен амур жолбарыстары дронға шабуыл жасады, бір құрылғыға айтарлықтай нұқсан келді.

CCTV қытайлық телеарнасы жариялаған видеода көрсетілгендей, оқиға Қытайдың Харбин қаласындағы жолбарыстарға арналған зообақта болған. Мұнда Сібір жолбарысы деген атпен танымал 800 аң өмір сүреді.
 

Алайда Motherboard басылымы түсірілімнің зообақта емес, жолбарыстың құнды терісін сатумен айналысатын контрабандашылардың жолбарыс фермасында түсірілуі де мүмкін екенін жазды.

Басылым деректеріне сәйкес, Қытайда шамамен 200-ге жуық жолбарыс фермасы бар, ал елдегі еркін жүрген жолбарыстар саны 20-ға жетпейді.

Қытай жолбарыстың сүйегі мен дене мүшелерін сатуға 1993 жылы тыйым салды. 

Соңғы жаңалықтар