Жолаушылар толы троллейбус жанып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Қырғызстан астанасында белгісіз себептермен троллейбус өртенген, зардап шеккендер туралы мәлімет жарияланбай отыр, деп хабарлайды Кабар.

Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі өрт Юнусалиев көшесіндегі оқиға туралы хабар 9:49-да келіп түскенін мәлімдеді.

Өрт сөндірушілер оқиға орынан шұғыл жетіп барып, жалынды 10:05-те сөндіре алды. Қазіргі уақытта троллейбустың өртену себептерін анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар