Жолаушылар пойызы «Есіл» стансасына апаттық жағдайда тоқтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Есіл» стансасына апаттық жағдайда тоқтаған жолаушылар пойызының машинисі қорыққаннан қашып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне  «Түркісіб Астана» ЖШС директоры Владимир Рожко телефон арқылы  айтты.

«Машинист тежегішті дұрыс пайдаланбаған, барлық гәп осында жатыр. Пойыздың тежегішін дұрыс іске қоспағандықтан доңғалақтар жұбында ақау пайда болып, бұл пойызды ары қарай жүргізбей тастаған. Бұл жерде машинист кінәлі. Ол еш жерге қол қоймастан қашып кетті», -деді В. Рожко.

Осыған сәйкес, әлеуметтік желілерде «Алматы-Қостанай» бағытындағы №43 пойыз стансасында бірнеше сағаттан бері тоқтап тұр деген шағымдар жазыла бастады.

«Түркісіб Астана» ЖШС директоры Владимир Рожко пойыз ұзақ тұрмайтынын, көп ұзамай жолға шығатынын айтып, уәде берді.

«Қазір ақауларды жөндеу жұмыстары аяқталып қалды, вагондар тіркеліп жатыр. Пойыз 20 минуттан кейін жүреді»,-деді ол.

Соңғы жаңалықтар