Жол жөндеуге байланысты елорданың бірқатар көшесі жабылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 тамыздан бастап Астанада Айғаным көшесі бойынша қозғалысқа шектеу қойылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Автомобиль жолдарының орташа жөндеу жұмыстары аясында елордада Айғаным көшесі бойынша Қорғалжын тас жолынан Ұлбике ақын көшесіне дейін учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Осыған байланысты 19-27 тамыз аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы үшін жол жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс жағдайларына тап болмас үшін жүру маршруттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес беріледі. 

Соңғы жаңалықтар