Жол сақшыларына 5 мың планшет керек - Бас Прокуратура

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әкімшілік хаттамалардың 90 пайызын электронды түрде толтыру үшін Қазақстанның жол сақшыларына 5 мыңға жуық планшет керек. ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы Бағдат Мусин Бас прокуратура ғимаратында өткен көшпелі отырыста айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

««Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізімі» туралы да айтып өткім келеді. Ол не үшін жасалады? Мәселен, сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай тізімі енгізілген кезде барлық қылмыстық құқықбұзушылық туралы мәліметтер бойынша бірыңғай база жасалды. Сол секілді «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізімі жасалады», - деді Бағдат Мусин.

Оның айтуынша, елімізде бұл жүйе бойынша жұмыс жол полициясынан басталып кеткен.

«Себебі, хаттамалардың көбін жол полициялары толтырады. Қазіргі таңда планшеттер 1 мыңға жуық полицейге таратылды. Статистикаға қарап отырсақ, осыған дейін 80 мыңға жуық хаттама электронды түрде толтырылған. 2018 жылы осы көрсеткіштің 13 пайызы электронды толтыру жүйесіне тиесілі. Бұл әлбетте, айтарлықтай жетістік емес, себебі тек 1 мың полицейде ғана планшет бар», - деді ол.

Бағдат Мусин сонымен бірге, қай қаланың полицейлері планшетпен әкімшілік хаттаманы толтыруда көш басында тұрғанын атады.

«Астана, Алматы және Тараз қаласы - бұл бағытта алдыңғы шепте. Ол қалада тәртіп сақшылары толыққанды планшетпен қамтамасыз етіліп келеді. Статистикаға сүйенсек, біздің тәртіп сақшылары әкімшілік істерге қатысты хаттамалардың 90 пайызын электроны түрде толтыру үшін 5 мыңға жуық планшет керек», - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Бағдат Мусин «Электронды қылмыстық іс» жобасы қалай іске асырылатынын түсіндіріп берген болатын.

https://kaz.inform.kz/news/bagdat-musin-elektrondy-kylmystyk-is-zhobasynyn-halykka-paydasyn-aytyp-berdi_a3225548

Соңғы жаңалықтар