Жол апатында аяғынан айырылған алматылық қыз екінші рет операция жасатты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жол апатынан аяғынан айырылған алматылық Екатерина Парафиеваға тағы бір операция жасалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Екатерина өзінің Facebook-тегі парақшасында пост жазып, онда соңғы өткен операцияға қатысты жағдайлар туралы айтты.

«Мен қазір Сіздерге өзімнің суреттерімді көрсеткім келеді. Мен бойыма күш жинап, көңіл-күйім орныға түсті. Менің суреттерім қандай жағдайға болса да қарамастан Сіздерді бүгінгіден де қуанышты көңіл-күйде жүріп, өмірге деген сүйспеншіліктерңізді арттыра түседі деген ойдамын. Өмірде маңыздысы - басыңа түскен жағдай емес, оны қалай бастан өткергенде. Ары қарай өмірді құштарлықпен белсене жалғастырған дұрыс па, әлде өзіңізді қайғы-мұңға жеңгізіп, мұңая берген жөн ба? Бәрі де сізге байланысты. Қазір мен ауруханадамын. Маған тыныштық қажет. Оны қаласақ та қаламасақ та, дәрігерлердің талабын орындау керек. Маған екінші рет аяғыма операция жасалды. Көңіл-күйім жақсы, уақыт өткен сайын күш алып келемін»,-деп жазды Екатерина.

Ол өзінің қасында болған, өзімен бірге болғандардың барлығына алғысын білдіреді. Екатерина жантүршігерлік апатқа тап болса да рухын түсірген жоқ. Ол ем алып жатыр және өзінің парақшаларына жаттығулардан көріністерді жариялауда.

Айта кетейік, жол-көлік апаты 16 маусым күні болды. Honda кроссовері әл-Фараби даңғылымен кетіп бара жатып, жол жиегіне тоқтайды. Бүлінген кәріз қақпағынан көліктің доңғалағы жарылыпты. Қыздар көліктен шыққанда жолда артынан келе жатқан көлікпен соқтығысудан қорқып, шетке қарай жүрген Toyota көлігі автобусқа соғылып, кроссоверді қағады. Ал қыздар соғысқан екі көліктің арасында қысылып қалған. Апат болған жерге жедел жәрдем қызметі жетеді. Түрлі жарақаттар алған қыздар қалалық ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар