Жол апатынан зардап шеккен қазақстандық қызға Оңтүстік Кореяда ота жасайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көлік апатынан зардап шеккен 23 жастағы Мадина Садуованың бетіне пластикалық ота жасайтын болды. Қыркүйек айының басында ол Оңтүстік Кореяға аттанады, деп хабарлайды tvk-uko.kz.

Бір ай бұрын tvk-uko.kz арнасында көлік апатынан бетін жарақаттап алған Мадина Садуова туралы сюжет шығып, оған әлеуметтік желілерде үлкен қолдау көрсетілген болатын. Сол уақытта кореялық косметика компаниясы өзінің «инстаграм» парақшасында көрікті болғысы келетін қыздар арасында сайыс ұйымдастырып жатқан еді. Жүздеген өтініштердің арасынан ұйымдастырушылар Мадинаны таңдады.

«Мадинаны қазылар алқасы бірауыздан жеңімпаз деп таңдады. Оның бар құжаттарын біз Оңтүстік Кореяның клиникаларына жібердік. Мұндай қиын отаны жасауға тәуекел ететін маманды табу үшін біраз қиналдық»,- дейді корей косметикалық орталығының директоры Жайнар Мұқатайқызы.

Орталық директоры қызға сертификатты жеке табыстау үшін Шымкентке келген.

Естеріңізге сала кетейік, көлік апатынан Шардара ауданының тұрғыны Мадина Садуова денесінің 35%-ін 4 дәрежелі күйік шалған. Денсаулығына зиян келтірумен қатар ол психологиялық үлкен соққы алды. Көлік апаты кезінде оның жолдасы көз жұмған. Кореяда Мадинаны бір емес, үш ота мен ары қарай реабилитациялық кезең күтіп тұр. Мадина жаңа өмір бастауға мүмкіндік берген барлық жанашырларына үлкен алғыс айтады.

null 

Соңғы жаңалықтар