Жол апатын жасап, қансыраған баланы көмексіз қалдырып кеткен жүргізуші іздестірілуде

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда оқушы қызды көлігімен қағып кетіп, жол апаты орнынан бой тасалаған жүргізуші іздестірілуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Жол-көлік апаты облыс орталығын Дамба кентімен байланыстыратын қала маңындағы күре жолда орын алды. Жол үстінде көлік қағып кеткен 2002 жылы туған қыз бала ес-түссіз күйде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін күресті, бірақ алған жарақаттары тым ауыр болды. Қазіргі уақытта жол апатын жасап, қыз баланы көмексіз қалдырып кеткен көлік жүргізушісі іздестірілуде», - деп хабарлады өңірлік ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова. 

Соңғы жаңалықтар