Жоғарғы Сот Төрағасы Мысырдың Қазақстандағы Елшісімен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми Египет Араб Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Хайсам Ибрагиммен кездесті.

Кездесу барысында Қ. Мәми екі ел арасындағы қарым-қатынас өзара түсіністік пен сенім жағдайында дамып отырғанын атап өтті. Египет Қазақстанның Солтүстік Африкадағы басты серіктестерінің бірі болып табылады.

Әңгімелесу барысында тараптар кездесудің негізгі мәселесі -  Египет Араб Республикасы Жоғарғы Конституциялық Сотының Төрағасы Әбдел Вахаб Әбдел Разем Хасанның 2017 жылдың наурызында Қазақстанға жасалатын сапарын талқылады.

Іс-шара соңында тараптар екі елдің жоғарғы сот органдарының ынтымақтастығын одан әрі жалғастырудың тәжірибесімен, ақпаратпен және жетістіктермен өзара алмасуға тиімді жағдай жасау тұрғысындағы маңыздылығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар