Жоғалып кетті деп іздеуде жүрген 7 жасар бала теракт кезінде құрбан болған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осыған дейін жоғалып кетті, деп іздеуде жүрген австралиялық 7 жасар бала Барселонадағы теракті кезінде құрбан болған. Бұл туралы ТАСС El Pais басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Осы оқиғаға қатысты таратылған ақпараттарға қарағанда, Каталонияның құқық қорғау органдары баланың әкесімен хабарласып үлгерді. Ол Барселонадан Сиднейге ұшып шықты. Теракт кезінде құрбан болған бала Испанияда анасымен бірге жүрген. Әйел осы уақытта ауруханада жатыр.

17 тамыз күні Барселонаның туристер көп келетін Рамбла көшесінде фургон жүргізушісі қасақана адамдарды көлікпен таптап өтті. Аталған әрекетті ДАИШ террористік ұйымы мойындарына алды. Кешірек Каталония полициясы Камбрильсе қаласында 5 лаңкесті қолға түсірді. Терактінің салдарынан 14 адам құрбан болды.

Соңғы жаңалықтар