Жезқазғанда «Ұлытау үні» дәстүрлі фестивалі басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Жезқазған қаласында халық шығармашылығы мен көркемөнерпаздар өнерінің «Ұлытау үні» ХХVІІІ аймақтық фестивалі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Фестивальдің ашылу салтанатына Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

«Ұлытау үні» фестивалі - талай дүлділдің бағын ашып, жұлдызын шаққан өнер бәйгесі. Дәстүрлі түрде өтетін фестиваль аймағымыздың рухани өмірінде айрықша орын иеленеді. Жезқазған-Ұлытау аймағының басты өнер фестивалінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын», - деді З. Ақылбекова.
null 

Фестиваль аясында «Ару қалам - Астанам» атты қолөнер шеберлерінің көрме байқауы, ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған күйшілер сайысы, Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Мағжаннан қалған маржан жыр» көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы, мәдениет қайреткері, Жезқазған қаласының құрметті азаматы Мөрлібек Мұратбаевты еске алуға арналған «Жылдар мен жолдар» кеші, «Жұлдыз - 2018» аймақтық ән байқауы өнер сүйер қауымға қуаныш сыйламақ. 
null 

Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласының 20 жылдығы аясында ұйымдастырылып отырған өнер мерекесі 22-24 ақпан аралығында өтеді.

 

Дархан Мұқанов 

Соңғы жаңалықтар