Жеті қарағандылық Түркияда өтетін Сурдлимпиада-2017-ге қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Есту қабілеті нашар жеті қарағандылық спортшы-мүгедектер 2017-ші жылғы XXIII жазғы Сурдлимпиада ойындарына қатысуға жолдама ұтып алды. 

Халықаралық жарыстар Самсун (Түркия) қаласында 18 маусымнан 3 шілде аралығында өтеді. Қатысушылар  -21, оның ішінде 16 жеке және 5 командалық спорт түрі бойынша сайысатын болады, деп хабарлайды karaganda-region.gov.kz.  

«Қазақстан Республикасының Сурдлимпиадалық комитетімен 2017-ші жылғы Сурдлимпиада ойындарына қатысушылар тізімі құрылды. Біздің елімізді 42 спортшы жеті спорт түрі бойынша таныстыратын болады. оның ішінде жеті қарағандылық үш спорт түрі - жүзу, таэквондо және каратэ бойынша сайысады», - деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Наталья Сухорукова.
Аян Әбдрәш, Елена Салмина, Валентина Антоненко, Андрей Пантелемонов, Юлия Ганке, Виктор Фрундин және Алена Бирюкова Тынық мұхиты Азиялық ойындарында және Әлем чемпионатында «А» тобының нормативтерін орындады. Қазіргі таңда олар Сурдлимпиададағы сайыстарға дайындалып жатыр. 

Басқарманың мәлімдеуінше, Қарағанды облысында 25 спорт түріне қатысатын 3366 мүгедек бар екен. 68 қарағандылық спортшы-мүгедектер ұлттық құрамаға енген. Жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі 42 спортшы республикалық деңгейде өткен сайыстарға қатысып, 59 медаль, оның ішінде 37 алтын жеңіп алған. Қарағандылық Руфат Хабибуллин БАӘ-де өткен Әлем кубогында жеңіл атлетика бойынша сайыста «қола» ұтып алды. Айдос Жылқышымов Польшада өткен Халықаралық турнирде оқ ату бойынша Халықаралық санаттағы спорт шебері нормативін орындады. 
Мүмкіндігі шектеулі екі спортшы Андрей Афанасьев пен Руфат Хабибуллин 70 мың теңге көлеміндегі облыс әкімінің стипендиясын алады.  

Соңғы жаңалықтар