Жер бетіне астрономиялық көктем орнайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 20 наурызы күні 22 сағат 15 минутта күн мен түн теңеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20-21 наурызда жер өзінің Орбитадағы бағытының үштен бірін айналып өтеді. Көктемгі күн мен түннің теңелуі кезінде күн жер шарының тең жартысына жарық түсіреді. Сөйтіп, ғалам бойынша күн мен түннің ұзақтығы бірдей 12 сағаттан болады.

Күн эклиптикамен жүре отырып, осы уақытта аспан экваторын басып өтіп, Оңтүстік жартышардан Солтүстік жартышарға қарай ойысады. Жердің Солтүстік жартышарында астрномиялық көктем болады. Ал оңтүстігінде күз басталады, делінген Мәскеу планетариясының сайтында.

Астрономдар көктемгі күн мен түннің теңелуін жылдың биологиялық бастауы деп бекер айтпайды. Тап осы күні табиғатта жаңару басталады, көктем Жерді қысқы ұйқыдан оятып, көптеген халықтар Жаңа жылды Табиғат заңы бойынша, Наурыз мерекесінен бастайды.

Соңғы жаңалықтар