Жемқорлықпен күресетіндер қанша айлық алатыны белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова аталған ведомство қызметшілерінің айлығы қанша екенін айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бүгінгі таңда біздің қызметшілер ең төмені - 150 мың, ең жоғарысы 400 мың теңге айлық алады», - деді Шайымова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Айта кетсек, аталған баспасөз мәслихатында Айгүл Шайымова мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі туралы айтқан болатын. Оның айтуынша, аталған жоба пилоттық тәртіпте бірнеше облыстар ен ведомстволарда басталып кеткен. Жобаға Мемлекеттік қызмет істері және және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі, Әділет министрлігі, Астана қаласы мен Маңғыстау облысының әкімдігі қатысуда. Аталған ведомстволар мен әкімдіктер қаңтар айынан бастап жаңа жүйе бойынша еңбекақы ала бастайды.

«Жаңа схема бойынша өңірлердегі мемлекеттік қызметшілердің айлығы өсетін болады. Мәселен, облыстық деңгейде айлықтың ең төменгі мөлшері - 62 мыңнан 17 мыңға дейін болып отыр. Бұл жерде сөз облыс әкімдіктерінің жетекші мамандары туралы айтылып тұрғанын жеткізгім келеді. Орталықта айлық - 84-136 мың аралығында. Пилоттық жобаның соңына қарай, бұл жүйені республикалық деңгейде енгізу туралы шешім қабылданады», - дейді Айгүл Шайымова.

Соңғы жаңалықтар