Жемқорлық проблемасын жазған журналисті өлтіріп кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мальтада елдегі сыбайлас жемқорлық проблемасын жазған журналисті өлтіріп кетті, деп жазады The Times of Malta.

Белгісіз біреулер Мальтадағы сыбайлас жемқорлық мәселесін жазып жүрген журналист Дафне Каруана Галицияны көлігімен бірге жарып жіберді. Журналистің көлігі Каруана Галиция үйінен шығып сәл жүргеннен кейін жарылған.

Жарылыс себептері әзірге белгісіз. Қайғылы оқиға болардан бірнеше күн бұрын журналист полиция қызметкерлері өзіне қоқан-лоққы көрсетіліп жүргенін айтқан еді.

Мальтаның премьер-министрі Джозеф Мускат журналистің өлімін «варварлық  шабуыл» деп атады. Ол Мальтаның АҚШ-тың федералды тергеу бюросынан болған оқиғаны тексеру үшін көмек сұрағанын мәлімдеді. 

Соңғы жаңалықтар