Желтоқсан-қаңтар айларында қатты аяз болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер желтоқсан және қаңтар айларындағы ауа температурасының көпжылдық нормадан төмен болатынын болжауда. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Азаматтық қорғау органдарының қысқы кезеңге әзірлігі туралы баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Министрдің орынбасарының айтуынша, әлемдік метеоқызметтердің басым бөлігі келе жатқан қыстың әдеттегіден суық болатынын болжап отыр. ҚР ІІМ «Қазгидромет» РМК болжамдарына сүйенеді және олардың болжамының нақтылығы шамамен 60%-ды құрайды.

«Болжамдарға сәйкес, желтоқсан айында Қазақстанның солтүстік, солтүстік шығыс және орталығындағы ауа температурасы нормадан төмен болады және қар көп түседі. Қаңтар айында да еліміздің орталық, солтүстік және шығыс бөлігінде температура әдеттегіден төмен болады деп күтілуде. Ақпан айында еліміздің батысы және солтүстік батысы суытады», - деді Юрий Ильин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, Ю.Ильин 2018 жылы көктемнің ерте шығатынын және жауын-шашынның көп түсетінін хабарлады.

Су тасқынына дайындық жұмыстарын жүргізу үшін тасқын су арналары қалыптасатын орындарды бақылауда ІІМ Қазгидромет бөлімшесіндегі әріптестерінің көмегіне жүгінетін болады.

Соңғы жаңалықтар