Желіде пілдің судан шыға алмай жатқандығы жайлы жан түршігерлік видео пайда болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде бассейнге байқамай құлап кеткен кішкентай пілдің судан шыға алмай жатқандығы жайлы жан түршігерлік видео пайда болды. 

 Оқиға Үндістанның Батыс Бенгалия штатында орналасқан Алипердьюаре қаласында болған. Әбден шошынған жануардың  аянышты  дыбысын естіген  жергілікті тұрғындар оны бетонды су қоймасынан тауып алды.

Мәліметтерге сүйенсек, шөліркеген піл бассейннен су ішпек болған шақта сырғып құлап кеткен. Жақын маңдағы ауыл тұрғындары дабыл қағып, дереу зооқұтқару бригадасы келіп жетті. Абырой болғанда епсіз піл құлап кеткен су қоймасы таяз болған. Ол тек шығуға жанталаса талпынды. Құтқарушылар пілдің баласын судан  алып шықты. 

Соңғы жаңалықтар