Жексенбіде ел аймақтарында құбылмалы күн райы сақталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 30 сәуір күні ел аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады. 

Кей жерлерінде жаңбыр жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста нөсерлі жаңбырлар күтіледі, солтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашын болжанады. Ашық күн райы тек батыста, оңтүстік батыста болады. Республиканың  кей жерлерінде тұман, найзағай, желдің күшеюі күтіледі, сондай-ақ бұршақ жаууы ықтимал. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-дан хабарлады.

Солтүстік  Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады,  желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Маңғыстау облыстарының жекелеген аумақтарында жел 15-22 м/с артады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болады.

Соңғы жаңалықтар