Жекешелендіруге шығарылған ТОП нысандар бағалау құнынан 1,5 млрд теңге қымбатқа сатылуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы жекешелендірілуі жоспарланған барлық ТОП нысан 1 қарашаға дейін сауда-саттыққа шығарылатын болады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«2017 жылға 24 топ нысанды, оның ішінде Ұлттық холдингтердің 20 нысанын және республикалық меншіктегі 4 нысанды сату жоспарланған болатын. Олардың ішінде бүгінгі таңда 6 нысан сатылды және 11 нысан сауда-саттықта», -  деді министр.

Оның айтуынша, өткен кезең ішінде сатылған топ нысандарға жасалған талдауға сәйкес сату бағасы олардың бағалау құнынан 3 пайызға немесе шамамен 1,5 млрд теңгеге, ал олардың баланстық құнынан 90 пайызға, яғни 23 млрд. теңгеге  артық екендігін көрсеткен.

«Республикалық меншіктегі 4 топ нысан бойынша жұмыс Жол карталарында көрсетілген іс-шараларға сәйкес жүргізілуде. Жалпы, нысандарды сату бекітілген Кестелерге сәйкес жүзеге асырылуда және ағымдағы жылға жоспарланған барлық объектілер 1 қарашаға дейін сауда-саттыққа шығарылатын болады», -  деді Бақыт Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар