Жекешелендіру жоспары жылдың соңына дейін орындалуы тиіс - Үкімет басшысы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет меншігіндегі нысандарды жекешелендіру жоспары жылдың соңына дейін орындалуы тиіс. Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Министрлер кабинеті мүшелеріне осындай тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Бүгінгі баяндамалардан көріп отырғанымыздай, жекешелендіру мәселелері бойынша сату кестеге сай жүргізіліп отыр. 75 пайызға жеттік. Дегенмен әлі де біраз нысандар бойынша кешеуілдеу бар. Кестеге сәйкес барлық жұмыстарды жүргізу және жылдың соңына дейін нысандардың барлығы сатылуы керек. Өйткені, өздеріңіз де білесіздер, жекешелендіру мәселесі, жұмыстың атқарылуы  Елбасының назарында. Жылдың соңына дейін жоспар орындалуы керек. Асқар Ұзақбайұлы (ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары), бақылау сізге жүктеледі», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Айта кетерлігі, бүгінгі Үкіметтің отырысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов жекешелендірудегі проблемаларды атады.  

Сонымен қатар, ол жекешелендіруге шығарылған ТОП нысандар бағалау құнынан 1,5 млрд теңге қымбатқа сатылып жатқанын айтқан еді.

 

Соңғы жаңалықтар