Жекешелендіру: Қостанай емханасы кезекті рет сатылмай қалды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Жекешелендіру аясында саудаға шығарылған Қостанай қаласындағы №2 емхана кезекті рет сатылмай қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық қаржы басқармасының жекешелендіру және жекешелендіруден кейінгі бақылау бөлімінің жетекшісі Любовь Казоринаға сілтеме жасап.

Емхананы сенімді басқаруға беру бойынша екінші тендер қатысуға өтінімдер түспеген соң өткізілмеді. Қаржы басқармасында мәлім етілгендей, енді тендер шарттары қайта қаралады.

«Заң бойынша тендер шарттарын өкілетті орган енгізетіндіктен, біз денсаулық сақтау басқармасына сұранымхат жібердік. Олардың ұсыныстарынан соң келесі сатылым мерзімі белгіленеді», - деді Любовь Казорина.

Айта кетейік, №2 емхананың бастапқы бағасы - 644 млн теңге.  Тендер шарты бойынша, нысан 3 жылға сенімді басқаруға беріледі. Сондай-ақ, жаңа басшы кем дегенде 500 млн теңге инвестиция салуы тиіс. Енді ақпан айында өтетін комиссия отырысында үшінші тендердің шарттары мен уақыты анықталады.

Соңғы жаңалықтар