Жекеменшік үй тұрғыны мен 3 құтқарушы иіс тиіп қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кемерово облысында  улы газдың салдарынан иіс тиіп  4 адам қаза тапты, олар - жеке тұрғын үй иесі   және оны  жер қоймадан шығармақшы болған Ресей ТЖМ үш қызметкері. 

Бұл туралы Ресей Тергеу комитетінің өңір бойынша тергеу басқармасының сайтында хабарланды. 

25 шілдеде, сейсенбіде Тяжинск ауданында жекеменшік үйдің жерқоймасынан 75 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Оқиға орнына жедел тергеу тобы мен құтқарушылар жетті. ТЖМ 4 қызметкері мүрдені сыртқа шығару үшін жерқоймаға түсті. Алайда бірнеше уақыттан кейін олар байланысқа шықпай қалды.

Екінші жасақ жерқоймадан 4 қаза тапқан адамның мүрдесін сыртқа алып шықты. Тағы бір құтқарушы уланған белгілермен ауруханаға жатқызылды.

Күндіз ер адам жерқоймаға түсіп, шыға алмаған, туыстары ТЖМ көмекке шақырған.

Соңғы жаңалықтар