Жат ағым жетегінде жүрген 300 ақтөбелік дәстүрлі исламға бет бұрды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде теологтар мен қоғам қайтаркерлері, сарапшылар жат ағым жетегінде жүрген 500-ден астам адаммен кездесу өткізді. Қазіргі күні 300 ақтөбелік дәстүрлі исламға бет бұрды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жобасы аясында жұмыс жалғасып жатыр. Өңірде діни ахуалы қиын Мұғалжар, Темір, Шалқар аудандарына басымдық беріліп, теолог, заңгер, психологтары бар коммуналдық кәсіпорындар ашылды.

Ақтөбе облыстық дін істері жөніндегі басқарма басшысы Жолдас Қалмағамбетовтың айтуынша, жыл басынан бері өңірге 33 теолог келіп, дәстүрлі емес діни ағым өкілдерімен кездесті.

«Барлағы 545 жеке кездесу өткізіліп, 309 адам дәстүрлі ислам дініне қайта бет бұрды. Бірнеше аудандарда білікті теологтар жұмысқа тартылып, тұрғын үйлермен қамтамасыз етілді. Ақтөбе «Уақып» қайырымдылық қорымен бірлескен жұмысты алғашқылардың бірі болып бастады. Қордың негізгі мақсаты - қайырымдылық қаражатын жинау, әлеуметтік жобаларды, білім беру-ағарту іс-шараларын қаржыландыру, сонымен қатар, дін қызметкерлері жұмысынның тиімділігін арттыру және діни мекемелердің қызметін қолдау. Жақында қор қаржысы есебінен 20 адам жеке бизнесін ашуға пайызсыз несие алып, Ақтөбе медресе-колледжінің 8 студенті мен «Нұр-Мүбәрәк» университетінің ақтөбелік студенттеріне степендия тағайындау бойынша келісім жасалды»,- деді Ж.Қалмағанбетов.
null

Айта кетейік, өңір басшысы Бердібек Сапарбаев бұл бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар