«Жасыл ел» филиалының бұрынғы басшысы сот алдында жауап береді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат -  Қостанайда сыбайластық әрекеттерге барған «Жасыл ел» республикалық жастар еңбек жасағы облыстық филиалының бұрыңғы басшысы, штаб менеджері мен төрт кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс қаралады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Айыпталушылар 2014-2015 жылдар аралығында «Жасыл ел» жасағында жұмыс орнындарын беру бойынша достары мен таныстарының көмегімен,  сондай-ақ жеке кәсіпкерлермен ымыраласып, тиісті құжаты жоқ адамдарды жұмысқа алып келген.  Осылайша, бұл қызметкерлер Қостанай қаласы мен облыс аумағын абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін «Жасыл ел» жасағына формальды түрде жұмысқа қабылданған» , - деп жазылған облыстық соттың баспасөз парағында.

Бұдан басқа, айыпталушылар объектілердегі адамдардың жұмыс уақыты туралы жалған мәліметтерден құралған жұмыс уақыттарын есепке алу табелі мен орындалған жұмыс актісін жасаған.

Осы айтылғандардың негізінде есепші жалақыға қосымша ақы аудару үшін есептік-төлем құжатын жасап, бұл мәліметтерді ақшаны аудару үшін «Жасыл ел» ресбуликалық штабына жіберген, сосын сыбайластық жолмен қаражат ұрланған.

Соңғы жаңалықтар