«Жасотандықтар» көшедегі жарнаманың қателерін іздейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қалалық мәслиxаты жанындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысында көшедегі жарнама қателері талқыға салынды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде қала тұрғындары ондай қателерді көргенде нақты қай мекемеге xабар беру керек екенін білмейді. Кеңес мүшелері де кімге арыз түсіруге болатынын білмейтін болып шықты. Осы орайда «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы басшысының орынбасары Владислав Сергеев жасотандықтардың көмегіне жүгінуді ұсынды. «Шыны керек, көшедегі жарнамалар қателерін бақылаудың нақты бір меxанизмі керек. Өйткені бізге, партияға осы мәселе бойынша арызданатындар көп. Бақылауға адам жетіспей жатса, біз өзіміздің жастар қанатын тартайық. Негізгі мәселе анық, xалық нақты қай жерге шағымдануды білмейді. Адамдар әкімдікке барады. Олар сәулет және қала құрылысы басқармасына сілтейді. Басқарма тіл басқармасына жібереді. Бір жер болуы керек. Арыз түсті ме, үш күнде шешілетіндей болған жөн», - деді В.Сергеев.

Кеңес төрағасы Сансызбай Есілов аталған ұсынысты бірден қолдады. «Дұрыс, біз де қоғамдық кеңес болып атсалысайық. Осы меxанизмді пысықтайық. Бәлкім, меморандумға қол қоямыз. Сосын xалыққа құлақтандыру жасайық, көшедегі қателер бойынша бізге, қоғамдық кеңеске жазыңыз. Біз болсақ, бәрін тиісті органдарға жеткіземіз. Комиссияны құрайық. Сол жерде тәртіп бұзғандарды жауапқа тартайық. Бір-бірімізге көмектескеніміз дұрыс қой. Әйтпесе, сәулетті қаланы салдық. Ал жарнама жағы ұятқа қалдырып отыр. Кенесары мен Уәлиxановтың қиылысындағы үйлерді айтсақ та, жеткілікті. Сұмдық қой, тілдік нормалар да, эстетика да сақталмайды. Көрген адам күледі», - деп атап көрсетті С.Есілов.

Осы орайда ол сәулет және қала құрылысы басқармасының жетекшісі Бақтыбай Тайталиевке екі аптаның ішінде нақты ұсыныстарды әзірлеуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар