Жас балуандарымыз Әзербайжаннан олжалы оралды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Грек-рим күресінен Қазақстан жастар құрамасы «Әзербайжан күрес федерациясының кубогы» халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетіп, жалпы есепте екінші орынға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

60 келі салмақта Ернар Фидахметов финалға дейін жетіп, екінші орын алды. Бұл салмақтағы қос қола медальды Ернұр Фидахметов пен Асылбек Қосаманов жеңіп алды.

66 келі салмақта Қаһарман Қисметов финалда жергілікті балуанға есе жіберді. 74 келіде Илимор Сатоев та финалда жеңіліп, күміс жүлдегер атанды. Одан бөлек Алпамыс Дастанбек (50 кг), Олжас Сырлыбай (96 кг) және Антон Савенко (120 кг) жарыстың қола жүлдегерлері.

Осылайша отандастарымыз жалпы есепте екінші орыннан көрінді. Биылғы додаға Тәжістан, Украина, Өзбекстан, Латвия, Ресей, Түркия, Иран, Грузия, Қазақстан, Беларусь және Әзербайжан балуандары қатысты.

Соңғы жаңалықтар