Жас ана тастанды нәресте тауып алдым деп өз баласын дәрігерлерге беріп жіберген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында жас ана өз баласын тастанды бала етіп көрсетпек болған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА YK-news.kz сайтына сілтемемен.

Басылым келтірген дерек бойынша, биылғы 19 ақпан күні 20:00 шамасында Ана мен бала орталығына шала туған ұл бала (салмағы 1,5 келі) жеткізілген. Кейін анықталғандай, Прапорщиков ауылында көшеден табылған нәрестені үсік шалған.

Аталған ауылда тұратын жас келіншек тастанды нәресте тауып алдым деп жедел жәрдем қызметін шақырған. Дәрігерлер шақалақты Ана мен бала орталығының жансақтау бөліміне жатқызған. Кейін полицейлер нәрестені тауып алған келіншек шын мәнінде оның анасы екенін анықтаған.

Ана мен бала орталығы нәрестелерге арналған жансақтау бөлімінің меңгерушісі Жанна Мұқанованың айтуынша, ана сәбиін далада босанған, соның кесірінен баланы үсік шалған.

Жергілікті учаскелік инспектор Руслан Оразаметов әйелді тауып, сөйлескен кезінде ол баланың анасы екенін, жақындарынан қорыққан соң некесіз туған сәбиін тастанды бала етіп көрсеткенін мойындаған. Яғни, ол баланы тастамаған, тек босанғанын жасырмақ болған.

Қазіргі таңда келіншектің туған-туыстары оның өмірге сәби әкелгенінен хабардар, ары қарай баланы анасы жалғыз өзі өсірмек. 

Соңғы жаңалықтар