Жарты жылда Қазақстанда 7,3 млн тонна мұнай қайта өңделді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарында қаңтар-маусым аралығында 7 338,3 мың тонна мұнай өңделді, бұл 2016 жылғы сәйкес кезең көрсеткішінен 5,4%-ке көп, деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның деректеріне сәйкес, Павлодар мұнай-химия зауыты I-жартыжылдықта 2648,7 мың тонна (+13,1%), ПетроКазахстан Ойл Продактс (Шымкент МӨЗ) - 1895,5 мың тонна (-19,8%), Атырау мұнай өңдеу зауыты - 2508,3 мың тонна (+19,6%) мұнай өңдеді.

ҚР МӨЗ-де: бензин - 1 544,8 мың тонна (+2,4 %), авиакеросин - 110,6 мың тонна (-20,5%), дизель отыны - 2 127,7 мың тонна (+4,9%), мазут - 1 515,5 мың тонна (+11,1%) өндірілді.

Соңғы жаңалықтар