Жанжал шығарған үндістандық екі азаматты «Алматы - Дели» рейсінен түсіріп тастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көлік полицейлері «Алматы - Дели» әуе рейсінен Үндістанның екі азаматын түсіріп тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы - Дели» әуе рейсінің бортында екі жолаушы тәртіп бұзған туралы хабарланған. Олар 42 жастағы Үндістан азаматтары болып шықты.

Мәліметке сай, шетелдіктер алкогольдік ішімдікке мас болып, былапыт сөздер айтқан. Ескертуге құлақ аспай, озбырлық танытқан.

«Көлік полициясының қызметкерлері мән-жайды анықтау үшін оларды әуе рейсінен шығарды», - делінген хабарламада.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, тәртіп бұзушылар орташа деңгейде мас болғаны анықталды. Үндістан азаматтарына ҚР Әкімшілік кодексінің 1-бөлігі 440-бабы бойынша олардың әрқайсысына 5 АЕК (12025 теңге) көлемінде айыппұл салынды. 

Соңғы жаңалықтар