Жанқош Тұраров кәсіпқой бокста кезекті жеңісіне қол жеткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Флорида штатында Жанқош Тұраров (21-0, 15 КО) мексикалық боксшы Густаво Гарибайды (14-9-2, 5КО) теxникалық нокаутпен жеңді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Жекпе-жекті қарқынды бастаған Жанқош Тұраров қарсыласын үшінші раундта екі мәрте нокдаунға жіберген болатын, осыдан соң төреші кездесуді аяқтау туралы шешім шығарды.

Жанқош Тұраров WBA рейтингісінде 10-орында және IBF рейтингісінде 12-орында келеді. Қазақстандық кәсіпқой боксшы 21 жекпе-жек өткізіп, барлығында да жеңіске жеткен. Оның 15 кездесуін Жанқош нокаутпен аяқтады.

Соңғы жаңалықтар