Жанқош Тұраров аргентиналық нокаутшымен жекпе-жекке шығатын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 кездесу өткізіп, бірде-бір мәрте жеңілмеген жартылай орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров келесі кезекте кіммен айқасатыны белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі  Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылымға Жанқоштың өзі кіммен шығатынын айтып берген. Қазақстандық боксшы келесі кездесуін аргентиналық Бруно Леонардомен өткізбек.

Айқас 21 шілдеде АҚШ-та ұйымдастырылмақ.

Аргентиналық боксшы осы уақытқа дейін кәсіпқой бокс шаршы алаңында 25 кездесу өткізіп, оның 21-інде жеңіске жетсе, 18 кездесуде қарсыласын нокаутқа жіберген. Соңғы рет ол 2015 жылдың мамыр айында Райан Янгтен ұпай бойынша жеңіліс тапқан.  Сол уақыттан бері ол 13 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Аргентиналық боксшы 2017 жылдың 14 мамырында отандасы Мартина Алехандро Куроскиді жетінші раундта нокаутқа түсіріп, жеңіс тұғырынан көрінген.

Ал Жанқош Тұраров соңғы кездесуін осы жылдың мамыр айында өткізген болатын. Қазақстандық боксшы ол кездесуде мексикалық Густаво Гарибайды үшінші раундта техникалық нокаутпен ұтқан. Жаңқош Доминикан елінде тоғыз, АҚШ-та алты кездесу өткізіп үлгерген. Жерлесіміз бокс әлемінде өзін біршама мойындатып келеді.

Жамбыл облысында дүниеге келген боксшы 9 қыркүйекте Астанада жұдырықтасуы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар