Жаңбырдан Алматы өзендері арналарынан шығуда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 4 желтоқсан күні Алматыда толассыз жауған жаңбыр салдарынан 25 мм жауын-шашын (түнде - 13 мм жауын-шашын, күндіз - 12 мм) түсті.

Түнде ауа температурасы 5 градус жылыны, күндіз 12 градус жылыны көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Онымен қоса, 3-4 желтоқсан аралығында тоқтаусыз жауған жаңбырдан Ақсай, Кіші Алматы, Весновка, Жарбұлақ, Тіксай және т.б. өзендерде су деңгейі көтерілді. Салдарынан қаланың кейбір учаскелерін су басты. Су басу жағдайларын тоқтату мақсатында 5 желтоқсанға қараған түні қаланың коммуналдық қызметінің 16 техникасы мен 103 адамы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта су астында қалған негізгі учаскелерде жұмыстар аяқталды. Сондай-ақ жаңбыр суына арналған және арық желілерін тазарту жүргізіліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар