Жаңа оқулықтар электронды нұсқада қолжетімді болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оқулықтар мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт өзгерген кезде басылып шығады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде орта білім берідің өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әрбір төрт жылда кітаптарда қайта басып шығару не үшін керек деген сауал болған еді. Біз осы мәселені шештік, Қазіргі кезде мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт елеулі түрде өзгерген кезде ғана кітаптар басылып шығады. Егер ол өзгермесе, онда қайта басылмауы тиіс», - деді Аймағамбетов.

Оның атап өтуінше, басылып шығатын  әрбір оқулыққа электронды нұсқасы ұсынылады. 2018 жылы 3, 6 және 8 сыныптардың оқулықтары міндетті түрде электронды түрімен толықтырылады. Атап айтқанда, ата-аналар QR-код арқылы планшетке немесе смартфонына оқулықты емін-еркін көшіріп алады.

Бұдан бөлек ол оқулықтың авторлары ретінде авторлық ұжымдар ғана шыға алатынын жеткізді. Оның құрамына жоғары мектептің өкілдері, мектеп мұғалімдері және әдіскерлер кіруі тиіс. Осы орайда авторлық ұжымдарды қалыптастырудағы жаңа қадамдар оқулықтарға оңтайлы әсер етеді.


Фото: magspace.ru

Соңғы жаңалықтар