Жамбылдық дзюдошылар Конфедерация кубогын жеңіп алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен Конфедерация кубогының ақтық сайысында Жамбыл облысының дзюдошылары жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше Спорттық жекпе-жек және күш қолданатын спорт түрлері конфедерациясы кубогының іріктеу ойындары барысында дзюдодан Жамбыл облысының құрамасы Шығыс Қазақстан облысынан келген спортшыларды жеңіп, финалға өткен болатын.

Олар ақтық кезеңде кеше қызылордалық қарсыластарынан басым түскен Қарағанды облысының дзюдошыларымен кездесті.

2016 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Елдос Сметов бастаған жамбылдық спортшыларға 25 млн. теңге табыс етілді. Турнирдің жалпы жүлде қоры - 125 млн. теңгеден астам. Кофедерация кубогы Тимур Құлыбаевтың бастамасымен тағайындалды.

Турнир шеңберінде сондай-ақ бокс, еркін күрес, грек-рим күресі және таеквондодан жарыстар өтті. 

Соңғы жаңалықтар